Назад к книге «Экономикалық талдау негіздері» [Жанар Закарияновна Оралбаева, Альмира Заурембековна Арыстамбаева]

Экономикалық талдау негіздері

Жанар Закарияновна Оралбаева

Альмира Заурембековна Арыстамбаева

«Экономикалық талдау негіздері» оқу құралы аталмыш пəннің типтік оқу бағдарламасына, кредиттік оқу жүйесіне негізілделіп дайындалған. Оқу құралы экономикалық талдаудың теориялық сұрақтарын қамтиды, сол тақырыптар бойынша қысқаша дəрістер, өзін-өзі бақылау сұрақтары, тест тапсырмалары түрінде жинақталған.

Оқу құралы теориялық материалдарды толық түсініп меңгеруге, нақты тəжірибеде қолдануға, талдау жəне бағалауға, соның негізінде дұрыс таңдау жасауға, ұтымды шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Кітап жоғары оқу орындары мен коллеждердің студенттеріне, өз бетінше талдау негіздерін меңгеруге талпынған көпшілікке арналған.

Ж. З. Оралбаева

Экономикалық талдау негіздері: оқу құралы

РђР›Т’Р« РЎУЁР—

Талдау термині грек тілінен аударғанда зерттелетін объектіні осы объектіге тән құрастырушы бөліктерге, элементтерге жіктеу деген ұғымды білдіреді. Бұрын бөлшектенген элементтерді біртұтас етіп жинақтауды білдіретін синтез ұғымы талдаумен қатар қолданылады. Талдау және синтезді қолданбастан адамзаттың кез келген қызметін жүзеге асыру, ғылымның кез келген саласын дамыту мүмкін емес. Барлығымызға өз бетімізше түсінік қалыптастыруға, салыстыруға, үздік нұсқаны таңдауға, ұтымды шешім қабылдауға, сәйкесінше өз мақсатымызға табысты қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызатын диалектикалық танымның басты әдісі талдау болып табылады. Талдаудың экономика саласындағы маңызы өте зор. �рине, экономиканың дамуы оған әсер ететін барлық салалардың, оның ішінде саясаттың, қоршаған ортаның, әлеуметтік жағдайдың, мәдениеттің және басқаларының біртұтас жүйе ретінде табысты дамуын талап етеді.

Нарықтық экономикалық қатынастардың дамуы талдауды, алдымен, микродеңгейде, яғни жекелеген ұйымдар және олардың құрылымдық бөлімшелері бойынша жүргізуді талап етеді. Микродеңгейдегі талдау жеке ұйымның және осы ұйымды иеленушілердің, ұйым менеджерлерінің, жалпы еңбек ұжымының қаржылық-шаруашылық қызметінің мазмұнына қатысты жүзеге асырылады. Нақтылайтын болсақ, мұндай талдау арқылы бизнес-жоспарлардың негізділігі және орындалу барысы бағаланады, маркетингтік шараларға салыстырмалы баға беріледі, өндір